Ст. 345 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
345-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару
1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетіндерді қоспағанда, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатына қарай мынадай тауарлар:
1) еркін айналымға;
2) әкету үшін;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.
2. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды:
1) осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленген;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда кеден органы жүргізеді.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары есепке жатқызылғанға дейін жүргізеді.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кедендік баждар, салықтар төленгенге дейін кеден органы жүргізеді.
4. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығаруды кеден органы:
1) жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Кодекстің 347 және 348-баптарына сәйкес уақытша әкелінуі не уақытша әкетілуі мүмкін;
2) осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау қамтамасыз етілген;
3) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда жүргізеді.
5. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе "жасыл" дәлізден шығу (кіру) сызығын не келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өткен кезден бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.
Кедендік декларациялауға жатпайтын және оларға қатысты кедендік операцияларды көлік құралынан шықпай жасау мүмкіндігі берілетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар осындай тауарларға қатысты келу немесе кету орындарында кедендік бақылауды жүргізу аяқталған кезден бастап еркін айналымға шығарылған немесе әкету үшін шығарылған деп есептеледі.
6. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару осы Кодекстің 192-бабына сәйкес белгіленген шарттар сақталған кезде және тәртіппен жүргізіледі.
7. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін орындарда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару шарттарының сақталғанын растағанынан кейін және кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін дереу аяқталуға тиіс.
8. Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар тауарлардың мынадай санаттарын:
1) осы Кодекстің 381 және 382-баптарына сәйкес әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;
2) осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес пайдалану және (немесе) билік ету бойынша оларға қатысты шектеулер қойылған тауарларды қоспағанда, олар еркін айналымға шығарылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
10. Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болған жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болады және пайдалануы және (немесе) билік ету бойынша шектеулерсіз пайдаланылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 315-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы оларға қатысты тоқтатылған тауарлар экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкету баждарын есептеу ме... ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 199-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік о... ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 371-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнының (мекемесінің) кедендік бақылау аймағында орналастыру кезінде оларға қатысты тағайындалған пошта ба... ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 386-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды ке...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей