Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 375 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
375-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалану

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде: 

1) осы тауарларды жөнелтуші ел болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің; 

2) Қазақстан Республикасының осындай мемлекетпен кеден органдары лауазымды адамдарының осы есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттары болған жағдайда – шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады. 

2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетілетін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде: 

1) осы тауарлардың межелі елі болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің; 

2) Қазақстан Республикасының осындай мемлекетпен кеден органдары лауазымды адамдарының осы есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттары болған кезде – шектес мемлекеттің; 

3) осындай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуге негіз болған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалған орындарда, шектес және (немесе) өзге мемлекеттердің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады. 

3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде: 

1) осы электр энергиясын жөнелтуші ел болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің; 

2) кеден органдары лауазымды адамдарының осы есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын, Қазақстан Республикасының осындай мемлекетпен халықаралық шарттары болған кезде – шектес мемлекеттің; 

3) мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалануға және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алуға жауапты ұйымдар арасында жасалған электр энергиясының артық легін есепке алуды ұйымдастыру туралы келісімдердің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы, шектес және (немесе) өзге мемлекеттердің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.  

4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде: 

1) осы электр энергиясының межелі елі болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің; 

2) Қазақстан Республикасының осындай мемлекетпен кеден органдары лауазымды адамдарының осы есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттары болған кезде – шектес мемлекеттің; 

3) мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалануға және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алуға жауапты ұйымдар арасында жасалған электр энергиясының артық легін есепке алуды ұйымдастыру туралы келісімдердің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы, шектес және (немесе) өзге мемлекеттердің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады. 

5. Көрсеткіштері осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында айқындалған тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын есепке алу аспаптарының тұрған орындарының тізбесін тасымалдаушының, жүйелік оператордың немесе өңірлік электр желісі компаниясының жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган бекітеді. 

6. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары істен шыққан жағдайда, кедендік декларациялау және кедендік бақылау жүргізу мақсаттары үшін тасымалдаушының өткізілген тауарлардың нақты саны туралы мәліметтері пайдаланылады. 

7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріндегі ақпаратқа санкцияланбаған қолжетімділікті және оны өзгертуді болғызбау мақсатында кеден органдары мұндай аспаптарға сәйкестендіру құралдарын қояды. 

Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің меншік иесі (иеленушісі) немесе ол уәкілеттік берген адам кедендік бақылау жүргізу және сәйкестендіру құралдарын қою (алу) үшін кеден органдарының уәкілетті лауазымды адамдарының осындай есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. 

8. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің меншік иесі (иеленушісі) немесе ол уәкілеттік берген адам құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алудың (өлшеудің) қолданылатын тәсілі және (немесе) тәртібі туралы ақпаратты кеден органына мынадай жағдайларда: 

1) қызмет аймағында осындай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орны бар кеден органының сұрау салуы бойынша; 

2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алудың (өлшеудің) қолданылатын тәсілі және (немесе) тәртібі өзгерген кезде ұсынады. 

9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпарат кеден органының сұрау салуы алынған немесе құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алудың (өлшеудің) қолданылатын тәсілі және (немесе) тәртібі өзгертілген күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. 

10. Сәйкестендіру құралдарын салуды (алуды) кеден органдары объектінің меншік иесінің (иеленушісінің) немесе ол уәкілеттік берген адамдардың қатысуымен жүзеге асырады. 

Сәйкестендіру құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша акт жасалады. 

11. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің меншік иесі (иеленушісі) немесе ол уәкілеттік берген адам салынған сәйкестендіру құралдарын бөлшектеуге және (немесе) олардың тұтастығын бұзумен байланысты жабдықты ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген жағдайда, бұл туралы қызмет аймағында осындай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орны бар кеден органына оларды жүргізу күнін және ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді. 

Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің меншік иесі (иеленушісі) немесе ол уәкілеттік берген адам тауарлардың санын және жай-күйін (сапасын) өлшеу жүйесі жұмысының бұзылу қаупі немесе авариялық және өрт қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда, қызмет аймағында осындай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орны бар кеден органына салынған сәйкестендіру құралдарының бұзылуына әкелген себептер туралы кейіннен хабардар ете отырып, осындай қауіптің алдын алу немесе оны жою жөніндегі жұмыстардың жүргізілгені туралы хабарлайды.
Статья 1 ...373 374 375 376 377 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться