Ст. 379 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
379-бап. Жекелеген тұлғалар санаттарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының жеке пайдалануына арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу осы тараудың ережелерi ескеріле отырып осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары), мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы және олардың отбасы мүшелері жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы осы Кодекске сәйкес осындай тұлғаларға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттармен берілген артықшылықтардың және (немесе) иммунитеттердің көлемі ескеілре отырып өткізіледі.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей