Ст. 382 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары
1. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері және олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелері, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса: 1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, Қазақстан Республикасында мұндай адамдарға артықшылықтар беру мерзіміне жеке пайдалану үшін көлік құралдарын;
жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;
2) кедендік баждарды төлемей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.
2. Консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерімен бірге тұратын, келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын олардың отбасы мүшелері, егер олар да келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса:
1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, Қазақстан Республикасында мұндай адамдарға артықшылықтар беру мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;
жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;
2) кедендік баждарды төлемей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.
3. Консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналының жұмыскерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, Қазақстан Республикасында мұндай адамдарға артықшылықтар беру мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге, егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда көзделсе, құқылы.
4. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда осы бапта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және (немесе) онда тұрақты тұратын жеке тұлғалар үшін осы бапта көзделген көлемнен көп артықшылықтар және (немесе) иммунитеттер көлемі көзделсе, онда мұндай адамдарға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының осындай халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар және (немесе) иммунитеттер көлемі беріледі.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей