Ст. 39 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
39-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы және оны жүргізу
1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсаттарында тауарларды сыныптау үшін пайданалылатын, тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тауарларға салық салу мақсаттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.
2. Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізі болып табылады.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Комиссия бекітеді.
4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына берілетін түсініктерді Комиссия қабылдайды.
5. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді Комиссия жүзеге асырады. Осы мақсаттарда Комиссия:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізінің өзгерістеріне, сондай-ақ осы халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі түсініктерге мониторингті;
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған берілген түсініктерді оның халықаралық негізіне сәйкес келтіруді;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына және оған берілген түсініктерге өзгерістер енгізуді;
4) халықаралық негізінің кезекті нұсқасына көшу кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының тауарлық позициялар, қосалқы позициялар және кіші қосалқы позициялар деңгейінде сәйкес келуі туралы кестелер түрінде ақпарат жасауды және оны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберуді;
5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған берілген түсініктерді дайындауды және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберуді;
6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6. Комиссияның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына және оған берілген түсініктерге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, осы номенклатураны жүргізу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Комиссия айқындайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 10-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 14-бап. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) және жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыреті ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 434-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар Волонтерлік қызмет туралы 2-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші пер...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей