Ст. 413 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
413-бап. Кедендік жете тексеру
1. Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын), ыдыстарды, контейнерлерді немесе тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен және (немесе) оларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге сәйкестендіру құралдарын жоюмен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзумен тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына қатысты қарап-тексеру жүргізуді және өзге де әрекеттер жасауды білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады. 2. Кедендік жете тексеру кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.
Кедендік жете тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Кеден органы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаны, егер осы тұлғалар анықталса, хабарламаны алуы фактісін растауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік жете тексеруді жүргізу уақытын тағайындау кезінде мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдері ескеріледі. Бұл ретте декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалардың келуіне арналған мерзімдерде осы Кодекстің 193-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мерзімдері есепке алынуға тиіс.
4. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде өз бастамалары бойынша қатысуға құқылы.
5. Кеден органының талап етуі бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған кезде көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады.
6. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде кедендік жете тексеруді кеден органы мынадай:
1) көрсетілген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар анықталмаған жағдайларда;
2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілік объектілерінің сақталуына қауіп төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге мән-жайлар пайда болған, оның ішінде тауарлар тез тұтанатын заттар, жарылу қауіптілігі бар заттар, жарылғыш, улайтын, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі, психотроптық, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да сондай тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілері болған, сондай-ақ тауарлар жағымсыз иіс таратқан;
3) тауарлар халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілген;
4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсім немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттар бұзыла отырып, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қалдырылған жағдайларда, жүргізуге құқылы.
7. Кедендік жете тексеру осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда екі куәгердің қатысуымен, ал осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде – екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
8. Кедендік жете тексеруді жүргізу нәтижелері, осы Кодекстің 401-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанын Комиссия айқындаған кедендік жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.
9. Кедендік жете тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кедендік жете тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды адамдары және оны жүргізген кезде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
2) декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаның қатысуынсыз кедендік жете тексеруді жүргізу себептері;
3) кедендік жете тексеру нәтижелері;
4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер.
10. Кедендік жете тексеру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға не олардың өкілдеріне, егер бұл тұлғалар бұзушылық анықталған жағдайда анықталса, немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей