Ст. 412 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
412-бап. Кедендік қарап-тексеру
1. Кедендік қарап-тексеру кедендік бақылау барысындаүй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру нысанында жүргізілетін мұндай қарап-тексеруді қоспағанда, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын) және тауарлардың қаптамасын ашпай, тексерілетін объектілерді (жеке тұлғалардың багажын қоса алғанда) және олардың бөліктерін бөлшектемей, демонтаждамай, өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына, жүк тиелетін сыйымдылықтарға, кедендік пломбаларға, мөрлерге және өзге сәйкестендіру құралдарына көзбен қарап-тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады. 2. Кедендік қарап-тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында, сондай-ақ тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүкжайларында (бөлекжайларында) кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да сәйкестендіру құралдарының бар-жоғын тексеру мақсатында жүргізіледі.
Кедендік қарап-тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Кедендік қарап-тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік қарап-тексеру кезінде қатысуға ниет білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
4. Кедендік қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері нысанын Комиссия айқындайтын кедендік қарап-тексеру актісін жасау не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап-тексерудің жүргізілу фактісі туралы белгі қою арқылы ресімделеді.
Жеке тұлғалардың багажына және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде кедендік қарап-тексеру актісі, егер оны кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде пайдаланған жағдайда ғана жасалады.
5. Егер кедендік қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талап етуі бойынша кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап-тексерудің жүргізілу фактісі туралы белгі қою арқылы ресімделген жағдайда, кеден органының лауазымды адамдары кедендік қарап-тексеру актісін:
1) кедендік қарап-тексеруді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында жүргізген кезде – кедендік қарап-тексеру жүргізілгеннен кейін жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
2) кедендік қарап-тексеруді өзге орындарда жүргізген кезде – кедендік қарап-тексеру жүргізілген күннен кейінгі жұмыс күні басталған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей жасауға міндетті.
6. Кедендік қарап-тексеру актісі екі данада жасалады, оның біреуі тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне, егер бұл тұлғалар бұзушылық анықталған жағдайда анықталса, немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей