Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 541 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
541-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері

1. Уәкілетті экономикалық оператор: 

1) осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға; 

2) осы Кодекстің 535-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге; 

3) уәкілетті органға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және осы өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен немесе мұндай өзгерістер туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынуға; 

4) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына және 419-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға; 

Хабарламаға шағым жасалған жағдайда оны орындау мерзімі осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес тоқтатыла тұрады. 

5) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажет ақпаратты және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті ұсынуға; 

6) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын жаңа бас қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. 

2. Бірінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар, пломбаларға осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтауға да міндетті. 

3. Екінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар: 

1) осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға; 

2) осы Кодекстің 536-бабының 7-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған, кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін сақтауға; 

3) кеден органдарының кедендік бақылаудағы тауарларды сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктерін), сондай-ақ осындай тауарларды есепке алу жүйесіне кеден органдары лауазымды адамдарының кедергісіз қол жеткізуін ұсыну туралы талаптарын орындауға міндетті. 

4. Кеден органына уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзім ішінде ұсынбаған кезде уәкілетті экономикалық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.  

5. Заңды тұлғаға берілген куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, осы тұлға кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде, тауарларды уақытша сақтау кезінде және өзге де жағдайларда, жасау жөніндегі міндет куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін не заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталғанға дейін туындаған кедендік операцияларды не өзге де әрекеттерді жасауға міндетті. 

Ескерту. 541-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...539 540 541 542 543 ...571

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться