Ст. 543 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
543-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың жауаптылығы
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 543-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
544-бап.Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1-1. Алып тасталды – ҚР 10.02.2025 № 164-VIII (31.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) осы Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат);
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 544-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2025 № 164-VIII (31.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Ғылым және технологиялық саясат туралы 13-бап. Зерттеу университеті ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 426-бап. Кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуы, талап етуі және алуы Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 119-бап. Мемлекеттік баға реттеу ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 359-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және олардың Еуразиялық эконо...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей