Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 83 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
83-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

1. Кедендік баждарды, салықтарды – кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, ал осы бапта көзделген жағдайларда кеден органы есептейді.  

2. Кеден органы:  

1) кедендік баждардың, салықтардың дұрыс есептелмелмегені анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша; 

2) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде; 

3) осы Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 233-бабының 5-тармағында, 242-бабының 6-тармағында, 322-бабының 3-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында, 367-бабының 4-тармағында, 371-бабының 4-тармағында, 378-бабының 3 және 8-тармақтарында, 392-бабының 3-тармағында және 392-6-бабының 17-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, сондай-ақ тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылуы жүргізілген тауарларға қатысты осы Кодексте белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларация берілмеген жағдайларда; 

4) декларант осы Кодекстің 190-бабының 8-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасамаған кезде; 

5) осы Кодекстің 288-бабының 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 288-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың орындауына жататын жағдайларда; 

6) осы Кодекстің 288-бабының 9-тармағына және 297-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде; 

7) осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындаған және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде; 

8) осы Кодекстің 399-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша; 

9) осы Кодекстің 410-бабының 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша; 

10) кедендік рәсіммен орналастырылуы кезінде кедендік декларациялануы көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды кедендік декларация ретінде пайдалана отырып жүзеге асырылған тауарларға қатысты, осы Кодекске сәйкес көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын, мән-жайлар басталған кезде; 

11) кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін басталған мән-жайларға байланысты және төлеуші кедендік баждарды, салықтарды есептемеген тауарларға қатысты төленуге жататын өзге жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды есептейді. 

3. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда, кедендік кіріс ордерінде не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатта, осы Кодекстің 360-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген кедендік құжатта немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген кедендік құжатта көрсетіледі. 

4. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының есеп-қисабында көрсетіледі. 

Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары есеп-қисабының нысанын, мұндай есеп-қисаптың электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру және осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды. 

Көрсетілген есеп-қисапты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай кедендік құжаттың электрондық түрін қалыптастырады. 

5. Егер осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар кедендік кіріс ордері негізінде не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжат негізінде төленген жағдайда, кеден органы кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтерді кедендік кіріс ордерінде немесе осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатта көрсетеді. 

Кедендік кіріс ордерінің не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжаттың нысанын, оларды толтыру және оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды. 

Кедендік кіріс ордерін не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай құжаттардың электрондық түрін қалыптастырады. 

6. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының екіжақты халықаралық шарттарында көзделген, кедендік баждар, салықтар өзге валютамен есептелетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында төленуге жататын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.  

Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына не өзге валютаға қайта есептеу жүргізу талап етілетін болса, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мұндай қайта есептеу кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі. 

7. Кедендік баж кедендік бажды есептеуге арналған база және тауарға қатысты белгіленген кедендік баждың тиісті мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі. 

Қазақстан Республикасының аумағында төленуге жататын салықтар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептеледі. 

Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2026 № 333-VIII (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...81 82 83 84 85 ...571

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться