Ст. 16 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
16-бап. Бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау органдары лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде: 1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, регистрограмманың, осциллограмманың жазбаларын, жедел журналдардан үзінді көшірмелерді, түсініктеме жазбахаттарды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- және бейнематериалдарды, сауалнама парақтарын және мемлекеттік бақылау нысанасына жататын басқа да материалдарды пайдалануға;
5) түсініктемелер алу үшін бақылау субъектісін шақыртуға;
6) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарын тартуға;
7) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінуге және істерді сот қараған кезде қатысуға құқығы бар.
2. Бақылау органдары лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына және өтінулермен жүгінуіне тыйым салынады.
3. Бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) мемлекеттік бақылауды осы Заңда белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті өкілінің қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны, тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс етуге;
8) мемлекеттік бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Жылу энергетикасы туралы 39-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері мен жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті коммерциялық есепке алу Лицензиялау туралы 18-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қызметтi лицензиялау Өсiмдiктердi қорғау туралы 17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi Стандарттау туралы 30-бап. Стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз етуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей