Ст. 42 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
42-бап. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу кезінде энергия үнемдеуге, энергия тиімділігін арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қойылатын талаптар
1. Жылумен жабдықтау субъектілері жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында көзделген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті. 2. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері мен жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде базалық қуатты жаңғырту, ауыстыру немесе қосымша салу кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жылу энергиясының көздерін енгізуді экономикалық және техникалық тұрғыдан орынды болған кезде басым балама ретінде қарастыру қажет.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жылу энергиясының көздері енгізілген жағдайда осы көздер жылу желісінің базалық жүктемесін жабу үшін пайдаланылады.
3. Жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша уәкілетті органның жылумен жабдықтау субъектілерін орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын, өздеріне тиесілі жылу энергиясының көздерін табиғи газды немесе өзге де экологиялық таза отынды пайдалануға көшірудің техникалық мүмкіндігі мен шығындарына бағалау жүргізуге міндеттеуіне құқығы бар. Техникалық мүмкіндік пен шығындарды бағалау нәтижелері жылумен жабдықтау субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жоспарларын) әзірлеу кезінде пайдаланылуға тиіс.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей