Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк

Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.

Аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы жүктi аралас тасымалдар және аралас тасымал кезінде өзара іс-қимыл жасасу шарттарында белгіленген мерзімде межелі пунктке жеткізуге міндетті.

Егер осы баптың бесінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрістiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

Егер осы баптың алтыншы бөлігінде өзгеше көзделмесе, жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.

Әуе көлігінің тасымалдаушысы жолаушыны межелі пунктіне жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан орын алғанын дәлелдей алмаса, жолаушы шеккен шығынды өтеуден басқа, егер бұл осындай мерзімін өткізіп алуға байланысты орын алған болса, мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.

Айыппұл сомасын сатып алынған тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнынан асыруға болмайды.

Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.

Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.

Аралас тасымал кезінде жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы – аралас тасымалдар операторына, ал аралас тасымалдар операторы клиентке (жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымалдау үшiн төленген ақының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленген ақының елу пайызынан аспауға тиiс.

Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде – аралас тасымалдар операторы мен аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушы, егер жүктi немесе багажды жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi олардың кiнәсiнен болмаса, кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.

Тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы тасымалдың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, багажды немесе жүктi жөнелтушiде немесе алушыда туындаған зиян үшiн жауаптылықта болады.

Егер осы баптың он үшінші бөлігінде және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы рейстер сегіз және одан да көп сағатқа кешіктірілген кезде жолаушыларға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мұқтажын ескере отырып, өз есебінен қонақүйден орын және тамақ беруге міндетті.

Әуе көлігінің тасымалдаушысы өз кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушыларға қонақүйде орналастыру, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де көрсетілетін қызметтерді өз есебінен ұсынуға міндетті.

Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.

Осы бапта көзделген зиянның мөлшерi және оларды айқындау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн жүк және багаж тасымалдау қағидаларында және аралас тасымалдар қағидаларында белгiленедi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338; 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 17‑1 18 19 20 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться