Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24-2 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мініп транзитпен жүретін жолаушыларды теміржол (қала маңы қатынасынан және билет кассаларымен жабдықталмаған жерлерде жолаушыларды отырғызу жағдайларынан басқа), әуе және теңіз көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар, сондай-ақ әуежайлардың пайдаланушылары уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер мен дерекқор арқылы мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынуды қамтамасыз етеді. 

2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларға билеттерді ресімдеу кезінде билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам мынадай деректерді: 

1) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде); 

2) ол бойынша жол жүру құжаты (билет) сатып алынатын жеке басты куәландыратын құжаттың түрін және нөмірін; 

3) жөнелту орны мен күнін, межеленген пунктті, жүру маршрутының түрін (ауысып мінбейтін, транзиттік); 

4) билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам осы жолаушымен байланыса алатын байланыс деректерін (электрондық почтасының мекенжайын және (немесе) телефон нөмірін) жолаушының келісімімен жазуды қамтамасыз етеді. 

4. Билеттерді сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресімдеу кезінде мәліметтердің "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде, ал халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қосымша ағылшын тілінде толтырылуын қамтамасыз етуге міндетті. 

Ескерту. 4-бөлім 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5 бөлiм. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...24 24‑1 24‑2 25 25‑1 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться