Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24-1 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
24-1-бап. Тексеріп қарау

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қатер деңгейіне байланысты, жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп қарауға жатады. 

Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізудің тәртібі мен талаптарын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

1-1. Азаматтық авиация саласындағы көлік инфрақұрылымының объектілеріне келетін жолаушылар мен адамдарды жете тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды (бұдан әрі – келушілерді), олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды көлік қызметі субъектісінің қызметкерлері не күзет қызметтерін көрсету жөнінде шарт жасасқан кезде күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері жүргізеді. 

Осы баптың мақсаттары үшін көлік қызметінің субъектілері деп көлік инфрақұрылымы объектілері меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын жеке және заңды тұлғалар түсініледі. 

3. Жете тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 

4. Жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау алдында көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған, болуы ықтимал заттар мен құралдарды көрсету міндетті түрде ұсынылады. 

5. Техникалық тексеріп қарау құралдарымен көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың болу мүмкіндігінің контурлары және өзге де белгілері табылған кезде, жолаушылар мен келушілердің алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды жеке тексеріп қарау жүргізіледі. 

Жеке тексеріп қарау көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды табу үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады. 

Жеке тексеріп қарауды тексеріп қаралатын адаммен жынысы бір адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді. 

Бір үй-жайда бір мезгілде бірнеше адамды жеке тексеріп қарауға тыйым салынады. 

Жеке тексеріп қараудың нәтижелері тексеріп қарауды жүргізетін адам мен өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген адам қол қоятын актімен ресімделеді.  

6. Тексеріп қараудан, жеке тексеріп қараудан жалтаратын адамдар көлік инфрақұрылымы объектілеріне жіберілмейді, бұл туралы тиісті акт жасалады. 

7. Егер жолаушыны және оның алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар табылмаса, осындай тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектісінің әкімшілігі жолаушының оған билеті бар қатынаспен немесе кезекті осындай қатынаспен жөнелтілуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға, ал жолаушы тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, билеттің немесе оның пайдаланылмаған бөлігінің құнын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеуге міндетті. 

8. Тексеріп қарауды жүргізетін адамдар жолаушылар мен келушілерге қатысты ізетті және сыпайы болуға және олардың қадір-қасиетін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті. 

9. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10. Жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбелерін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 

Ескерту. 4-бөлім 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...23 24 24‑1 24‑2 25 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться