Ст. 31 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22
Действующий аналог
Төрелік туралыАралық соттар туралы
31-бап. Аралық сот отырысының хаттамасы
1. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық соттың отырысында хаттама жүргiзiледi.2. Аралық сот отырысының хаттамасы iстi қараудың барлық елеулi сәттерiн көрсетуге тиiс.
Аралық сот отырысының хаттамасында:
1) аралық сот отырысының жылы, айы, күнi және орны;
2) аралық сот отырысының басталу және аяқталу уақыты;
3) iстi қарайтын аралық соттың атауы және аралық судьялардың, аралық сот отырысы хатшысының тегi және аты-жөнi;
4) iстiң атауы;
5) iске қатысушы адамдардың, өкiлдердiң, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келуi туралы мәлiметтер;
6) iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге олардың iс жүргiзушiлiк құқықтарын түсiндiру туралы мәлiметтер;
7) төрағалық етушiнiң өкiмдерi және аралық соттың отырыс залында аралық сот шығарған ұйғарымдар;
8) iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң өтiнiштерi, ұсыныстары мен түсiнiктемелерi;
9) куәлардың айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндiруі, мамандардың түсiнiктемелері;
10) құжаттарды жария ету туралы мәлiметтер, заттай дәлелдемелердi тексерiп қарау деректерi, дыбыс жазбаларын тыңдау, бейнежазбаларды, киноматериалдарды қарау;
11) аралық соттың отырыс залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;
12) шешiм мен ұйғарымдардың мазмұнын жариялау және түсiндiру, оларға шағымдану тәртiбi мен мерзiмiн түсiндiру туралы мәлiметтер;
13) iске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және ол бойынша ескертпелер беру құқықтарын түсiндiру туралы мәлiметтер;
14) хаттаманың жасалған күнi көрсетiледi.
3. Аралық сот отырысының хатшысы хаттама жасайды, оны аралық сот аралық сотта iс қарау тараптарының келiсiмi бойынша не тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес тағайындайды.
4. Iске қатысушы адамдар және олардың өкiлдерi хаттаманың қандай да бiр бөлiгiн жариялау туралы, өздерi iс үшiн елеулi деп санайтын мән-жайлар жөнiндегi мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтiнiм жасауға құқылы.
5. Хаттама аралық соттың отырысы аяқталғаннан кейiн үш күннен кешiктiрiлмей жасалуға және оған қол қойылуға тиiс.
Күрделi iстер бойынша аралық сот отырысының хаттамасын жасау және оған қол қою неғұрлым ұзақ мерзiмде, бiрақ аралық соттың отырысы аяқталғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Хаттамаға төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Барлық өзгерiстер, түзетулер, толықтырулар хаттамада көрсетiлуге және олардың қолдарымен куәландырылуға тиiс.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Аралық соттар туралы 22-бап. Талап-арыз және талап-арызға пiкiр Аралық соттар туралы 35-бап. Аралық сот шешiмiнiң нысаны мен мазмұны Аралық соттар туралы 45-бап. Аралық соттың шешiмiн орындау Аралық соттар туралы 13-бап. Аралық соттың құрамы Аралық соттар туралы 44-бап. Аралық соттың шешiмiне шағым жасауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей