Ст. 12-1 Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы
12-1-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және айналымға (айналысқа) жіберуді ұйымдастыру жөніндегі қызметке тек қана мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуі бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары немесе цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары жүзеге асыратын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуды, сатуды және (немесе) айырбастауды қоса алғанда, оларды айналымға жіберуді ұйымдастыру жағдайларында жол беріледі.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату және (немесе) айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібін қоса алғанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын операцияларды талдау және бақылау жүйесін ендіруге міндетті;
2) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары арқылы және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және айналымға жіберуді ұйымдастыру жағдайларында жол беріледі.
"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржасына және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушыларына қойылатын талаптар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес айқындалады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтерді шығару және айналымға жіберуді ұйымдастыру;
4) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың цифрлық активтерге тыйым салуға, оларды алып қоюға және тәркілеуге байланысты цифрлық активтерді айналымға (айналысқа) жіберуі;
5) цифрлық майнерлер цифрлық майнинг нәтижесінде алған цифрлық активтердің айналымы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының цифрлық активтерді айналымға жіберуі және айналымға (айналысқа) жіберуді ұйымдастыруы жағдайларында жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер төлем құралы, қаржы құралдары немесе қаржы активтері деп танылмайды.
Цифрлық қаржы активтеріне қатысты осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін цифрлық активтер осы Заңның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер деп танылады.
3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған банктік шоттарды пайдалана отырып, клиенттердің операцияларына қызмет көрсетеді.
Екінші деңгейдегі банк және Ұлттық пошта операторы цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы (рұқсаты) болған кезде цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлеріне банктік шоттарды ашады.
"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржаларының және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушыларының екінші деңгейдегі банктермен және Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының екінші деңгейдегі банктермен және Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтері биржасының және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары есептілігінің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады.
4. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары және цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің құнын өзгерту үшін жауаптылықта болады.
"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы, "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыратын тұлғаға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабар беруге міндетті.
5. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шектеулер мен лимиттерге сәйкес клиенттердің операцияларына қызмет көрсетеді.
6. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен клиентті сәйкестендіру жүргізілгеннен кейін клиенттердің операцияларына қызмет көрсетеді.
7. Клиенттердің цифрлық активінің әмияндарын ашуға және оларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
8. "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары, цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді аударуды жүзеге асыру кезінде цифрлық активтерді жөнелтуші мен алушы туралы ақпаратты, оның ішінде аталған тұлғаларды және (немесе) бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді жинауды және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған не толық берілмеген жағдайларда "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары, цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары операция жүргізуді клиент талап етілетін ақпаратты бергенге дейін кемінде қырық сегіз сағат мерзімге тоқтата тұруға тиіс.
Клиент жөнелтушіні және (немесе) алушыны сәйкестендіру үшін қажетті ақпаратты бермеген жағдайда, белгіленген мерзім өткеннен кейін "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары, цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары операция жүргізуден бас тартады.
10. "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржалары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушылары "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 211-бабында айқындалған, мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан және арнаулы мемлекеттік органдардан цифрлық активтің әмиянын ашқаны және жүргізгені үшін, сондай-ақ цифрлық активтермен жасалатын операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссия алмайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 11-бап. Цифрлық активтердің биржалары О специальном правовом режиме города Алатау Статья 82. Переходные положения об инвестиционных проектах и предоставленных по ним земельных участках ҚР Азаматтық кодексi 146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 11-1-бап. Ұлттық стратегиялық крипторезерв туралы жалпы ережелер О специальном правовом режиме города Алатау Статья 57. Инновационная городская мобильностьРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей