Ст. 13 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574
Iшкi су көлiгi туралы
13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау белдеулерiн және жер учаскелерiн пайдалану
1. Қалалық елдi мекендер аумағынан тысқары орналасқан iшкi су жолдары шегiнде iшкi су жолдарының кеме қатынасына жарамды болуын қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар үшiн тұрақты жер пайдалануға өтеусiз негiзде жағалау белдеуi берiледi. 2. Уәкiлеттi органның кәсiпорны:
1) кеме қатынасын қамтамасыз ету және осы мақсаттарда құрылыстар мен ғимараттар тұрғызу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға;
2) iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне навигациялық жабдықтар құралдарын орнатуға;
3) кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық жабдықтар құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ өзен арналары учаскелерiн суретке түсiру кезiнде геодезиялық негiздеме үшiн жағалау белдеуiнде өскен ағаштар мен бұталарды кесiп тастауға құқылы. Навигациялық жабдықтардың жағалау құралдарын орнату және олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн ағаштарды кесу жұмыстарын жүргiзу Қазақстан Республикасының орман және су заңдарында белгiленген тәртiппен жағалау белдеуi шегiнен тысқары жерлерде де жүргiзiлуi мүмкiн;
4) осы тармақта көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiнiң шегiндегi топырақты, тасты, қиыршық тастарды, ағаштар мен бұталарды пайдалануға құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн уақытша жұмыстар жүргiзу үшiн пайдаланушы тұлғалар олар аяқталғаннан кейiн жағалау белдеуiн тазалауға және оны жайластыруға мiндеттi.
5. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.
Уақытша шырақтарды орнату мұндай шырақтар кеме жүретiн жол жағынан қоршалған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Егер шаруашылық және өзге де қызметтiң кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысы болмаса, мұндай қызметтi жүзеге асыру үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға жол берiлмейдi.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Уәкілетті органның кәсіпорындары кемелерінің тоқтап тұруына, оларды жөндеуге, жасауға арналған жағалау белдеуi мен су акваториясына iргелес учаске уәкiлеттi орган кәсiпорнының пайдалануында болады.
11. Қазақстан Республикасы шекаралық аймақтары учаскелерiндегi iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
12. Iшкi су жолдары шегiндегi акваторияда және жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсерiн тигiзетiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылғылар мен құрылыстарды қалдырып кетуге тыйым салынады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Вред возмещает причинитель вреда в полном объёме — даже если он не собственник квартиры. Основание: ст. 917 ГК РК: вред подлежит возмещению лицом, причинившим вред, в полном объёме.
Потерпевшие (соседи) также вправе требовать полного возмещения убытков (реальный ущерб и т.д.) — п. 4 ст. 9 ГК РК
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей