Ст. 31 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574
Iшкi су көлiгi туралы
31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату
Егер сот кемеге тыйым салу түрiндегі қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдаған немесе кеме атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен сатылған жағдайда, аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Бұл ретте аумақтық бөлімше кеменiң меншiк иесiн кемеге қуынымды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаны немесе кемеден мұндай шаралардың алып тасталғаны туралы хабардар етугe тиiс. Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы
Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу
1. Кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
2. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркеле алмайды.
3. Кеме ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.
4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.
6. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Ескерту. 6-тарау 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркеу
1. Шағын көлемді кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.
2. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш берілген күнi шағын көлемді кеменiң ипотекасы тiркеледi.
3. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында айқындалады.
4. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
5. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
Ескерту. 6-тарау 32-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-тарау. Кеме экипажы
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей