Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

Iшкi су көлiгi туралы
5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту

1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс, авариялық-құтқару жұмыстары және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейіннен тең құнымен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы. 

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ішкі су көлігін беру міндеті 

Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті. 

Осы бапта көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. 

Ескерту. Заң 5-1-бапппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу
және бақылау және қадағалау


Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгiмiндеттерi 

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi:  

1) республика экономикасының және халықтың тасымалдауларға, iшкi су көлiгiндегi жұмыстардың атқарылуы мен қызметтердiң көрсетiлуiне қажетiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;  

1-1) iшкi су көлiгiнiң және оның өмiрлiк циклi процестерiнiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;  

3) iшкi су көлiгiндегi тасымалдаулардың iшкi рыногын қорғау;  

4) iшкi су көлiгi мен iшкi су жолдарының инфрақұрылымын одан әрi дамыту;  

5) iшкi су көлiгi саласындағы қызметке және кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау жасау болып табылады.  

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06. № 209, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау 

Ескерту. 7-баптың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау құқықтық қамтамасыз ету арқылы, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 

2. Iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi және уәкiлеттi орган жүзеге асырады.  

3. Ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. 

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.06. № 209, 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi  

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне: 

1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

3) iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 

4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

13) Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттiк жолаушы қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау; 

14) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүктi әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау; 

15) - 28-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

29) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады. 

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 5‑1 6 ...103

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться