Ст. 41 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
41-бап. Запасқа қою
1. Запаста болудың шекті жасына толмаған: 1) әскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған;
2) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметтен:
қатардағы және сержанттық құрамдар қатарынан;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептермен;
қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын орындамауға байланысты шығарылған;
3) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;
4) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуіне байланысты әскери қызмет өткермеген;
5) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша даярлықтан өткен;
7) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.
2. Запаста тұратын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.
3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы "қатардағы жауынгер" ("матрос") əскери атағын бере отырып, запасқа алады.
4. Запасқа қойған кезде адамдардың әскери-есептік мамандығын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары айқындайды.
5. Ұлттық қауіпсiздiк органдары және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.
6. Запаста болу әскери жиындардан өтудi, әскери қызметке шақыру қағидаларын орындауды және әскери есеп бойынша мiндеттердi сақтауды қамтиды.
7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
8. Запасқа қойылған әскери міндеттілер әскери жиындардан өткен немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген кезде олар резервке қойылған әскери міндеттілер санатына ауыстырылады.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей