Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 53 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.03.2023

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы

1. Әскери тәртіпті бұзғаны үшін командир (бастық) әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың: 

1) ескерту; 

2) сөгіс; 

3) қатаң сөгіс; 

4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 

5) лауазымында бір сатыға төмендету; 

6) әскери атағын бір сатыға төмендету; 

7) теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату түрлерін қолданады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге қатысты тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылады: 

1) әскери бөлім орналасқан жерден немесе корабльден жағалауға кезекті сейілге шығудан айыру; 

2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың кеуде айырым белгісінен айыру. 

3. Әскерге шақыру бойынша офицерлерге қатысты әскери атақты төмендету "кіші сержант" ("екінші дәрежелі старшина") әскери атағына дейін жүргізіледі. Бұл ретте осы әскери қызметші сержанттық құрамға ауыстырылады және мерзімді қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет етеді. 

4. Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығаруды қоспағанда, теріс себептермен әскери қызметтен шығару әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қолданылмайды. 

5. Әскери қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту жалпы әскери жарғыларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...51 52 53 53‑1 54 55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!


Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?


Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?


Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?


Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться