Ст. 22 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 21-VIII ҚРЗ
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы
22-бап. Активтерді қайтаруға байланысты жолданымдарды немесе шағымдарды қарау тәртібі
1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығы тексерудің нысанасы болатын активтердің меншік иесі болып табылатын субъектілердің және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының не оның уәкілетті өкілдерінің жолданымдарын қарайды. Жолданымдар активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Жолданымды қарау мерзімі жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттігіне байланысты активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тұлғаға мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
2. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының тұлғалар құқықтары мен міндеттерін қозғайтын шешімдеріне, актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар тұлғаға актінің қабылданғаны немесе әрекеттің жасалғаны (әрекетсіздік) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, жоғары тұрған лауазымды адамға беріледі. Шағым жасау мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, бұл мерзімді шағым берген тұлғаның өтінішхаты бойынша жоғары тұрған лауазымды адам қалпына келтіруі мүмкін.
Шағымды қарау мерзімі келіп түскен күнінен бастап екі айды құрайды.
Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, оның әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей