Ст. 3 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 21-VIII ҚРЗ
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы
3-бап. Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның мыналарды:
1) құжаттарды (ақпаратты) талдау, қорыту, деректерді талдауға жәрдемдесу саласындағы арнаулы бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) және өзге де бағдарламалық-техникалық жабдықты;
2) активтердің пайда болуы туралы мәліметтерді іздеу, жинау, өңдеу және талдау; активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша бағалау, аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, кәсіби заңдық және өзге де (консультациялық) көрсетілетін қызметтерді;
3) мемлекетке қайтарылуға жататын активтердің құқықтық мәртебесін, құқықтық тиесілілігін, меншік құқығын анықтауға, сондай-ақ осындай активтерді қайтаруға байланысты азаматтық талап қою мен өзге де процестік құжаттарды дайындау, шетелдік соттарда және шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдарына ұсыну және қолдап отыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
4) шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттердің соттарында және өзге де құзыретті органдары мен ұйымдарында және халықаралық ұйымдарда мүдделерді білдіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
5) қайтарылуға жататын активтерге аудит, бағалау жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей