Ст. 7 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 21-VIII ҚРЗ
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы
7-бап. Активтерді қайтару саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл
1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен, арнаулы мемлекеттік органдармен, уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимылды: 1) активтерді заңсыз иемденуге қарсы іс-қимыл жасау үшін ақпаратты жинау, талдау және мониторингтеу;
2) банк құпиясын, сақтандыру құпиясын, микрокредит беру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы құпияны қоспағанда, осы Заңға сәйкес тізілімге енгізілген тұлғаларға қатысты активтерді заңсыз иемдену және (немесе) шығару туралы өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, сондай-ақ қызметтік, коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер мен құжаттарды сұрату арқылы жүзеге асырады.
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын, сақтандыру құпиясын, микрокредит беру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, осы Заңға сәйкес қалыптастырылған тізілімнен үзінді-көшірме қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша ұсынады.
3) "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында ұсынылуына тыйым салынған мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс жүргізу және жедел-іздестіру қызметі барысында алынған, активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға байланысты мәліметтерді сұрату арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар, уәкілетті мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері:
1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға активтерді қайтару жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ комиссияның жұмыс органының функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;
2) өзі дербес анықтаған кезде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалардың деректемелерін көрсете отырып, күдікті операциялар туралы, оның ішінде нарықтық құнынан анық ерекшеленетін бағамен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) экспорттау (импорттау) жөніндегі мәмілелер туралы хабар береді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей