Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 89 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
89-бап. Құрылтай депутаттығына кандидаттарды тiркеу

1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 

2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады. 

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім және кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді. 

Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті. 

3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:  

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;  

2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;  

3) партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;  

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; 

5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;  

6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.  

Кандидаттар – мүгедектігі бар адамдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады. 

4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.  

Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. 

4-1. Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

4-2. Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

4-3. Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

5. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

6. Орталық сайлау комиссиясы:  

1) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;  

2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

3) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәліктер береді;  

4) мынадай жағдайларда:  

саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;  

партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;  

тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;  

партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;  

партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;  

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.  

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;  

5) мынадай жағдайда:  

партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;  

партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;  

партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;  

партиялық тізімге енгізілген адамның партиялық тізімді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тізімге енгізілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;  

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған; 

партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;  

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.  

Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді;  

6) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады. 

8. Партиялық тізімдерді және кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.  

Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 № 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.09 № 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді – ҚР 28.09.1995 № 2464 қолданысқа енгізілу тәртібін 133-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 413-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен; 25.05.2020 № 335-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2022 № 105-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...87 88 89 90 91 ...133

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться