Ст. 31 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеу жөніндегі міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) құрастыру, рецептілік немесе өзге де кемшіліктер салдарынан не тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық емес, дұрыс емес немесе уақтылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс. Оның кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, келтірілген зиян сатушының (дайындаушының, орындаушының) өтеуіне жатады.
2. Тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) кемшілік фактісі расталған жағдайда сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілген қызметке) сараптама жүргізумен байланысты тұтынушыға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) келтірілген шығыстарды толық көлемде өтеуге міндетті.
3. Тауардағы кемшіліктерден және тауардың қауіпсіздік нормаларының бұзылуынан туындаған зиян, егер ол тауардың белгіленген жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) ішінде келтірілген болса – өтелуге, ал егер жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) белгіленбесе – тауар өндірілген күннен бастап он жыл ішінде өтелуге тиіс.
Тауардағы кемшіліктер салдарынан келтірілген зиянды тұтынушының таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы өтеуге тиіс.
Жұмыстағы немесе көрсетілген қызметтегі кемшіліктер салдарынан келтірілген зиянды олардың орындаушысы өтеуге тиіс.
4. Тауарларды өндіру (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде материалдарды, жабдықтарды, аспаптарды және өзге де құралдарды пайдалануға байланысты дайындаушының (орындаушының) ғылыми және техникалық білім деңгейі олардың ерекше қасиеттерін және сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берген-бермегеніне қарамастан, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады.
5. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін, сондай-ақ егер тауар өтеусіз немесе төмендетілген бағамен берілген, сатылған, ал қызмет солай көрсетілген болса жауапты болады.
6. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) зиян үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінің не еңсерілмейтін күштің немесе тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы салдарынан келтірілгені туралы дәлелдемелерді ұсынған кезде жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Доброго времени суток!
Нуле совет в ситуации: без предупреждения отстранили от работы бухгалтера, и начали инвентаризацию без неё. Первая проверка была в ее пользу почти на 1.5 млн. Назначили следующую. Без приказа, без подписи, только голосовое уведомление через ватсап. Она не вышла по этой причине на работу, ждала окончание проверок. Через 2,5 недели высылают уведомление о расторжении трудового договора, в связи с проектом. Как быть?
Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей