Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 113 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
113-бап. Халық денсаулығы және қоршаған орта

1. Мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық құжаттарын әзірлеу кезінде стратегиялық экологиялық сараптама шеңберінде адам денсаулығына тәуекелдерді бағалау жүргізілуге тиіс. 

2. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мақсатында уәкілетті орган қоршаған орта жай-күйінің, оның ішінде үй-жайлар ішінің және ластаушы заттардың халық денсаулығына әсер ету тәуекелдерінің жаңартылған бағалауын дайындау мониторингі жүйесін құрады. 

3. Мемлекеттік органдар және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіпке сәйкес, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін және биологиялық тәуекелдерді бағалауға қойылатын талаптарды ескере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. 

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері (қоршаған орта объектілерінің жай-күйі) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енгізіледі. 

4. Жергілікті өкілді органдар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекітеді. 

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері өңірдің экологиялық проблемалары ескеріле отырып айқындалады және олар ластануды азайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлей отырып, атмосфералық ауаның жай-күйі көрсеткіштерін көздейді. 

5. Халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында уәкілетті орган атмосфералық ауаның ластану деңгейіне және қоршаған ортаның басқа да факторларына қарай халықтың әрекеттері туралы ұсынымдар әзірлейді және жергілікті атқарушы органдарға жібереді. 

Жергілікті атқарушы органдар халықты атмосфералық ауаның жай-күйі туралы хабарлауды қамтамасыз етеді. 

6. Халық денсаулығы мен қоршаған орта мәселелері мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылы шеңберінде қаралады. 

7. Жергілікті атқарушы органдар халықтың демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

Халық денсаулығына шудың теріс әсерін азайту мақсатында қатты шу шығаратын, шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін қызмет тұрғын ғимараттардың үй-жайларында және олардың сыртында күндізгі уақытта жүзеге асырылады және тәулігіне 8 сағаттан аспауға тиіс. 

8. Тұрғын ғимараттардың үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында қатты шу шығаратын қызмет сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, ойын-сауық орындарында - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі. 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган шуға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді ұйымдастырады. 

Жергілікті атқарушы органдар санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелеріне сәйкес тұрғын кварталдардағы шу карталарын әзірлеуді және оны іске асыруды қамтамасыз етеді. 

9. Аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға бағалау жүргізу және халықтың шаруашылық-ауызсу мұқтажы үшін пайдаланатын судың халық денсаулығына әсерінің ықтимал қауіптілігін анықтау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган суға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. 

Халықтың жеке меншіктегі аумақта орналасқан сумен жабдықтау көздерінен суды шаруашылық-ауызсу мұқтажы үшін пайдалануына су қауіпсіздігінің көрсеткіштері белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес келген кезде жол беріледі. 

Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...111 112 113 114 115 ...276

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?


Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться