Ст. 173 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
173-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру
1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады. 2. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
3. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам өзінің қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі, оған Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының күші қолданылады.
4. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емделу кезеңінде зерттеп-қарау үшін мәжбүрлеп емдеуге жатқызу уақыты есепке жазылады.
5. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеу үшін психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда ұстау шарттары уәкілетті орган бекітетін ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленеді.
6. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, ішкі тәртіптеме қағидаларын бұзатын немесе емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам, егер оның әрекеттері айналадағылардың өмірі мен денсаулығына немесе тікелей өзіне қатер төндірсе, арнайы палатаға орналастырылады. Арнайы палатаға орналастыру адамды орналастырған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорды хабардар ете отырып, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда, арнайы палатаға орналастыру туралы шешімді психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның лауазымы бойынша аға қызметкері қабылдап, кейіннен басшыға хабарлайды, ол арнайы палатада ұстау мерзімдерін жазбаша өкіммен айқындайды.
7. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан өз бетінше кетуі, сол сияқты ұйымға белгіленген мерзімде келмеуі емдеуден жалтару болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді. Оны мәжбүрлеп емдеуге жеткізуді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары сот қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда өз бетінше болмаған кезеңі емдеу мерзіміне есепке жазылмайды.
8. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам құқық бұзушылықтар жасағаны және (немесе) материалдық залал келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Лучшие юристы





Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей