Ст. 195 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
195-бап. Медициналық көмектің көлемі
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:
1) осы Кодекстің 196-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;
3) медициналық көмектің:
жеке және заңды тұлғалардың жарналары есебінен көрсетілетін ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде;
ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын;
әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға бірыңғай зейнетақы төлемдері есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кепілдіктерінің бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын үш жылдық кезеңге айқындайды.
Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 197-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері ҚР Бюджет кодексi 83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттің атқарылуыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей