Ст. 222 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
222-бап. Резидентура
1. Резидентура бағдарламаларын іске асыруды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының аккредиттелген клиникаларында, университеттік ауруханаларда, сондай-ақ резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асырады. Резидентура бағдарламалары тізбесін уәкілетті орган бекітетін медициналық мамандықтар бойынша іске асырылады. 2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптарға сәйкес резидентураның білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
Резидентураның білім беру бағдарламаларының тізбесі денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
3. Кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында резидентурада білім алушы адам формальды білім беруді оқуда бұрын қол жеткізген нәтижелерінің танылуы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және түлектердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дербес әзірлеген қысқартылған білім беру бағдарламаларына сәйкес бағдарламаны меңгереді.
4. Резидентурадағы даярлық резидент-дәрігерлерді медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсынуда өзін қатыстыруға тарта отырып, теория мен клиникалық практиканы интеграциялау және тәлімгердің қадағалауымен пациенттерге көмек көрсету жөніндегі қызмет үшін жауаптылық негізінде жүзеге асырылады. Даярлық процесінде дағдыларды, білім мен тәжірибені меңгеруіне қарай резидент-дәрігердің тәуелсіз жауаптылығының өспелі дәрежесі қамтамасыз етіледі.
Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
5. Резидент-дәрігерді оқытудың және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға тартудың құқықтық негізі мыналар болып табылады:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының резидентурасы базасында - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, резидентура базасы және резидент-дәрігер арасында жасалатын оқыту туралы шарт;
2) резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында - ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты және резидент-дәрігер арасында жасалатын оқыту туралы шарт.
Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Резидентурада оқыту резидентура базасының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, сондай-ақ ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институтының тең жауапкершілігі жағдайында резидент-дәрігерге жұмыс орнын беруді көздейді.
Оқу кезеңінде резидент-дәрігерге резидентура базасының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтың, ғылыми-зерттеу институтының еңбек тәртіптеме қағидалары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады.
6. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын бітірген және "дәрігер" біліктілігін алған азаматтарға дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей