Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 66 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
66-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

1. Денсаулық сақтау объектілерін құру және пайдалану осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (бұдан әрі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі) пайдалану – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану, ол денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған тәртіппен және талаптарда техникалық және функционалдық қызмет көрсетуді көздеуі мүмкін. 

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсету – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған тәртіппен және талаптарда оған функционалдық қызмет көрсету үшін ақаусыз, қауіпсіз, жарамды күйде ұстауға бағытталған, технологиялық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану, сондай-ақ оны ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді жүзеге асыру, сервистік және (немесе) қосалқы қызметті басқару, орындау. 

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсету – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған тәртіппен және талаптарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нысаналы мақсатына сай пайдалану, оның ішінде тауарларды өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалану. 

5. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор – жарғылық қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін айқындайтын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылмайтын, мемлекеттік заңды тұлға не мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы. 

6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануды жекеше әріптеспен қатар денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор да жүзеге асыра алады. 

Мұндай жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін жекеше әріптестің шығындарды өтетуге және кірістер алуға құқығы бар. 

7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптестің құруы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптестің денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануы көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде: 

1) мемлекеттік әріптес құрылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша денсаулық сақтау саласындағы функционалдық операторға береді; 

2) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген тәртіппен және талаптарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді; 

3) жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілгенге дейін айқындалатын денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген тәртіппен және талаптарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 

8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптестің құруын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптестің денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор туралы ережелер, сондай-ақ жекеше әріптес пен денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператордың мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін бірлесіп пайдалану тәртібі қамтылуға тиіс. 

9. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай қызмет үшін көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін нысаналы мақсатына сай пайдалану басталғанға дейін алуға тиіс. 

10. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор: 

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған, мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген талаптарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға; 

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген тәртіппен және талаптарда жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптеспен бірлесіп пайдалануға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

11. Денсаулық сақтау саласындағы функционалдық оператор: 

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің бейінін сақтауға; 

2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтерді көрсетуге; 

3) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға; 

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне өз кінәсінен келтірілген залалды өтеуге; 

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптеспен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті. 

12. Денсаулық сақтау объектілерін құруды және пайдалануды көздейтін ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) олардың немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті әлеуетті жекеше әріптеске немесе әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) тиесілі заңды тұлғалардың техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану бойынша тәжірибесінің болуы туралы қосымша (арнаулы) біліктілік талабы қойылады. 

Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2026 № 309-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...276

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться