Ст. 84 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
84-бап. Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру
1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың салдарлары мен асқынуларының алдын алу болып табылады. 2. Аурулардың профилактикасы бастапқы, екінші және үшінші болып бөлінеді.
Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тыныс-тіршіліктің қолайлы жағдайларын жасауға бағытталған.
Аурулардың екінші профилактикасы аурулардың ерте сатыда өршуінің және олардың салдарларының алдын алуға бағытталған.
Аурулардың үшінші профилактикасы өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануларын бақылауға бағытталған.
3. Профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары халықтың барлық тобына қатысты бүкіл өмір бойы жүргізіледі және жыныстық-жастық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескереді.
4. Саламатты өмір салтын қалыптастыру дене жаттығуымен ұдайы шұғылдануды, саламатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы аурулардың профилактикасын қамтиды.
Ұйымдарда дене жаттығуы жұмыс күндері жүргізіледі.
Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей