Ст. 86 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
86-бап. Медициналық қарап-тексеру
1. Медициналық қарап-тексеру ауруларды, оның ішінде кәсіптік ауруларды, улануларды, жазатайым оқиғаларды анықтауға және олардың таралуының алдын алуға, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. 2. Медициналық қарап-тексерулердің түрлері: міндетті және профилактикалық.
3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) болып бөлінеді.
Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайына динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Ауысым алдындағы (рейс алдындағы) міндетті медициналық қарап-тексерулер жеке тұлғада аурудың бар екенін немесе жоқ екенін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, түсетін ауысымда (рейсте) жұмысқа кәсіби жарамдылығын, оның ішінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уыттық мастықты және осындай мастықтың қалдық құбылыстарын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерулер жұмыс ортасы мен еңбек процесінің зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларының жұмыскерлердің денсаулық жағдайына әсер ету, жіті кәсіптік ауру немесе улану белгілерін, алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уыттық мастық белгілерін анықтау мақсатында жұмыс күні (ауысым, рейс) аяқталған соң жүргізіледі.
4. Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда, машиналар мен механизмдерде жұмыс істейтін жұмыскерлердің ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) міндетті медициналық қарап-тексерулерден уақтылы өтуін өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Халықтың декреттелген тобы міндетті медициналық қарап-тексерулерден өз қаражаты есебінен не тараптардың келісімі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен өтеді.
6. Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді уәкілетті орган айқындайды.
7. Жұмыс берушілер жұмыскерлердің медициналық қарап-тексерулерден өтуі үшін жағдай жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде жұмыс орнын (лауазымын), жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатуға міндетті.
8. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтпеген және денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермейді. Міндетті медициналық қарап-тексерулердің нәтижелері жеке медициналық кітапшаларға енгізіледі.
9. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
10. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер балалар арасында жүргізіледі және кейіннен динамикалық байқау және сауықтыру арқылы аурулардың пайда болуының алдын алуға және оларды ерте диагностикалауға бағытталған медициналық және өзге де іс-шаралар кешенін қамтиды.
11. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін уәкілетті орган бекітеді.
12. Профилактикалық және міндетті медициналық қарап-тексерулердің жүргізілуі мен олардан өтудің уақтылылығын, сапасын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бақылайды.
Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 25.04.2025 № 185-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 193-бап. Құпиялылық ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті ҚР Азаматтық процестік кодексі 86-бап. Үлгiлердi алу кезiнде жеке бастың құқықтарын қорғау ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 224-бап. Қазақстан Республикасы медицина қызметкерінің кәсіптік анты Кодекс РК О здоровье народа и системе здравоохранения Статья 193. КонфиденциальностьРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей