Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12-1 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Астық туралы
12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың есептілігі

Ескерту. 12-1-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
12-2-бап. Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру 

Ескерту. 12-2-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.  

Ескерту. Заң 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26 № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
12-3-бап. Астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті 

Ескерту. 12-3-бап алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары


Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 
13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi 

1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады. 

2. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі жөнiндегi қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.  

Заңды тұлға бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензия алуға құқылы. 

Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады. 

3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға: 

1) қырман шаруашылықтарында және (немесе) сервистік-дайындау орталықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі жөнiнде қызмет көрсетуге; 

2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.  

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13 № 488, 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26 № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9‑8 10 12‑1 12‑2 12‑3 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться