Ст. 88-8 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266
Темiр жол көлiгi туралы
88-8-бап. Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 88-8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
2) жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ апат және авария болған жерге, жылжымалы құрамды пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаның, сондай-ақ апаттың және аварияның туындауына себепші болған немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) жылжымалы құрамдағы объективті бақылау аспаптарының немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысының деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдардың жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаға, сондай-ақ апатқа және аварияға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаның, сондай-ақ апаттың және аварияның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаны, сондай-ақ апатты және аварияны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) жылжымалы құрамның меншік иесімен келісу бойынша жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ апат және авария болған жерге жүру жолындағы жолаушылар вагонында немесе локомотивте болуға құқылы.
2. Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
Ескерту. 88-8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-тарау. АКТIЛЕР, КIНӘ ҚОЮ, ТАЛАП ҚОЮ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей