Ст. 43-1 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94
Тұрғын үй қатынастары туралы
43-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жай серіктестік құрады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет етеді.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы Заңда көзделген шешімдерді бірлесіп қабылдау және міндеттерді орындау жөніндегі барлық міндеттемені өзіне қабылдайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің үштен екісінен астамы келіскен кезде бір жай серіктестік құруға құқылы.
2. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша (жай серіктестік) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мақсатында бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді.
Жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы мынадай функцияларды:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тізімін қалыптастыруды және олармен кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуды;
2) жиналыс пен үй кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) жиналыс пен үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді жерлерде орналастыруды;
4) екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) сервистік қызмет субъектілерімен қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуды және оларды орындауды;
6) коммуналдық қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету және олардың ақысын төлеу жөнінде шарттар жасасуды;
7) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ақшаны енгізуін мониторингтеуді;
8) үй кеңесіне кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептер ұсынуды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-1), 8-2) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де функцияларды орындауды жүзеге асырады.
3. Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
4. Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы шартқа байланысты үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ болып табылады.
Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жарналарды ақшалай не еңбек үлесі арқылы енгізеді.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жалпы шығыстарды жабу үшін жарналар жеткіліксіз болған және нәтижесінде залалдар туындаған кезде жалпы шығыстар мен залалдар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі есебінен жабылады, ал жетіспейтін сомалар жай серіктестікке қатысушылар арасында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.
5. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, сондай-ақ жай серіктестік қызметіне байланысты мәселелер осы Заңның 42-1-бабында айқындалған тәртіппен жиналыста қаралады.
Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Заңды 43-2-баппен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Сәлеметсіз бе? Атамның микрокредитін қателесіп өз атымнан УГД төлеп жібердім, қалай қайтарып алуға болады?
здраво свима, овде сам да поделим мало сведочанства. Моје име је Наоми Самуел, имам 40 година, удала сам се са 31, имам само једно дете и живела сам срећно до краја живота. После годину дана брака мој муж је постао тако чудан и не разумем баш шта се дешава, он је препун од куће до друге жене, толико га волим да и не сањам да ћу га изгубити, дајем све од себе да будем сигуран муж ми се враћа, али све без помоћи, плачући и плачући тражећи помоћ, причала сам о томе са његовом породицом али нисам добила одговор. Тако је моја најбоља пријатељица Ана Јохансон обећала да ће ми помоћи. Причала ми је о човеку по имену др Апата, рекла ми је да је он велики човек и прави човек коме се може веровати и да нема никакве везе са љубавним проблемима које не може да реши и рекла ми је како је помогао безбројним људима у обнављању њиховог односа . Био сам заиста убеђен, брзо сам контактирао његову имејл адресу, драпата4 @гмаил.цом или његов ВхатсАпп/вибер са тим бројем (+66 81 302 8552). Објаснио сам му све своје проблеме, рекао ми је да не морам да бринем да ће сви моји проблеми бити одмах решени. Рекао ми је шта да радим да вратим мужа, а ја сам то рекла, рекао је да ће се после 3 дана мој муж вратити и почети да моли, и то се заиста догодило како је рекао, била сам веома изненађена, то је тако невероватно. Слава нашег односа са Богом је сада веома блиска и обоје живимо срећно до краја живота. Ако наиђете на сличан проблем, одмах га контактирајте и решите проблем једном заувек. И ја сам живи сведок
Мој бивши муж и ја смо раскинули пре годину и два месеца, а ја сам била у шестом месецу трудноће. Обоје се волимо и то је био шок за мене и заиста ми је сломило срце. Покушао сам да га позовем и обе линије су биле прекинуте. Покушао сам да дођем до њега на друштвеним мрежама, али ме је склонио са њих. Покушао сам да дођем до његових родитеља и они су ми рекли да је њихов син рекао да ме не воли и да не жели да ме види и да не знају шта није у реду. Плакала сам и плакала сваки дан јер сам га много волела. Док се нисам породила и беба није имала годину дана, нисам могла да вратим своју љубав. Опет сам био збуњен. Не знам шта да радим, а остала сам и без посла и немам новца да се бринем о беби. Била сам несрећна у животу па сам плакала сестри и рекла јој свој проблем и рекла да зна за моћну чаролију која је бачена др апатом која јој помаже када није могла да затрудни. Контактирала сам га путем е-поште и он је рекао да ће ми помоћи и рекао ми је да је жена ставила чини на мог мужа и рекла да ће ми помоћи да разбијем чини тако да ће ми се муж заувек вратити и да ће бити мој. За мене је било велико изненађење што се догодило све што је рекао. Муж ми се одмах вратио и рекао ми да му опростим. Хвала вам пуно овом моћном и искреном чаролију. Молим се да ће дуго живети и радити више од свог дивног дела. Ако имате проблем који вас мучи у животу, обратите се овом моћном играчу чаролија! Он ти може помоћи. Неће вас изневерити, можете га контактирати преко гмаил адресе: драпата4@гмаил.цом или га можете контактирати преко његовог вибера/вхатсапп-а:(+66 81 302 8552)
Салеметсиз бе!Бизде 49жылга берилген жер бар еди Акемнин атында.Бирак ГосАкт Акемнин бауырында.Ол киси гос актты бермейди не корсетпейди.бизге жер сатылды деп колхат жаздырып акша Берген еди бираз.Биз бирак нотариуска да бармадык купли продажанын кагаздарын да кормедик
Биздин келисимизсиз сатып жибере ала ма Ол киси?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей