Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 67 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.05.2023

Тұрғын үй қатынастары туралы
67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары

1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі. 

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 

1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 

1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; 

2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 5), 7,) 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды; 

3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 

4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. 

Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берiлетiн тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi. 

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес беріледі. 

1-1. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке береді. 

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған жалдаушының отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдаушы сияқты негіздер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылмайды. 

2. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы кәсіпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі. Оларға берілетін тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiледi. 

3. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар, осы баптың 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған мекеменің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі. 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және қандастарға да беріледі. 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және қандастарға тұрғынжай берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғынжайының болмауы болып табылады. 

Мемлекеттік мекемелер беретін тұрғын үйлер қызметтік болып табылады. 

3-1. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталарының, Премьер-Министрінің және Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж және оқшауланған мүлікті оралымды басқару құқығы жоқ мемлекеттік қызметшілерінің де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де адамдардың пайдалануына беріледі. 

3-2. Ведомстволық тұрғынжай қорынан тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған, осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі. 

3-3. Осы елді мекенде ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорының жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайлары тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тиісінше ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының кадрларында тұрған адамдарға қызмет өткеру (еңбек қатынастары) кезеңіне беріледі. 

3-4. Астананың тұрғын үй қорын есепке алу және күтіп-ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі. 

4. Жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiледi. 

5. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта ұйымдастырылған жағдайда, "бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері" санаты бойынша тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне теңестіріледі. 

Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...121

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген


Сәлеметсіз бе? Атамның микрокредитін қателесіп өз атымнан УГД төлеп жібердім, қалай қайтарып алуға болады?


  здраво свима, овде сам да поделим мало сведочанства. Моје име је Наоми Самуел, имам 40 година, удала сам се са 31, имам само једно дете и живела сам срећно до краја живота. После годину дана брака мој муж је постао тако чудан и не разумем баш шта се дешава, он је препун од куће до друге жене, толико га волим да и не сањам да ћу га изгубити, дајем све од себе да будем сигуран муж ми се враћа, али све без помоћи, плачући и плачући тражећи помоћ, причала сам о томе са његовом породицом али нисам добила одговор. Тако је моја најбоља пријатељица Ана Јохансон обећала да ће ми помоћи. Причала ми је о човеку по имену др Апата, рекла ми је да је он велики човек и прави човек коме се може веровати и да нема никакве везе са љубавним проблемима које не може да реши и рекла ми је како је помогао безбројним људима у обнављању њиховог односа . Био сам заиста убеђен, брзо сам контактирао његову имејл адресу, драпата4 @гмаил.цом или његов ВхатсАпп/вибер са тим бројем (+66 81 302 8552). Објаснио сам му све своје проблеме, рекао ми је да не морам да бринем да ће сви моји проблеми бити одмах решени. Рекао ми је шта да радим да вратим мужа, а ја сам то рекла, рекао је да ће се после 3 дана мој муж вратити и почети да моли, и то се заиста догодило како је рекао, била сам веома изненађена, то је тако невероватно. Слава нашег односа са Богом је сада веома блиска и обоје живимо срећно до краја живота. Ако наиђете на сличан проблем, одмах га контактирајте и решите проблем једном заувек. И ја сам живи сведок


Мој бивши муж и ја смо раскинули пре годину и два месеца, а ја сам била у шестом месецу трудноће. Обоје се волимо и то је био шок за мене и заиста ми је сломило срце. Покушао сам да га позовем и обе линије су биле прекинуте. Покушао сам да дођем до њега на друштвеним мрежама, али ме је склонио са њих. Покушао сам да дођем до његових родитеља и они су ми рекли да је њихов син рекао да ме не воли и да не жели да ме види и да не знају шта није у реду. Плакала сам и плакала сваки дан јер сам га много волела. Док се нисам породила и беба није имала годину дана, нисам могла да вратим своју љубав. Опет сам био збуњен. Не знам шта да радим, а остала сам и без посла и немам новца да се бринем о беби. Била сам несрећна у животу па сам плакала сестри и рекла јој свој проблем и рекла да зна за моћну чаролију која је бачена др апатом која јој помаже када није могла да затрудни. Контактирала сам га путем е-поште и он је рекао да ће ми помоћи и рекао ми је да је жена ставила чини на мог мужа и рекла да ће ми помоћи да разбијем чини тако да ће ми се муж заувек вратити и да ће бити мој. За мене је било велико изненађење што се догодило све што је рекао. Муж ми се одмах вратио и рекао ми да му опростим. Хвала вам пуно овом моћном и искреном чаролију. Молим се да ће дуго живети и радити више од свог дивног дела. Ако имате проблем који вас мучи у животу, обратите се овом моћном играчу чаролија! Он ти може помоћи. Неће вас изневерити, можете га контактирати преко гмаил адресе: драпата4@гмаил.цом или га можете контактирати преко његовог вибера/вхатсапп-а:(+66 81 302 8552)


Салеметсиз бе!Бизде 49жылга берилген жер бар еди Акемнин атында.Бирак ГосАкт Акемнин бауырында.Ол киси гос актты бермейди не корсетпейди.бизге жер сатылды деп колхат жаздырып акша Берген еди бираз.Биз бирак нотариуска да бармадык купли продажанын кагаздарын да кормедик

Биздин келисимизсиз сатып жибере ала ма Ол киси?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться