Ст. 127-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау
1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 12-тарау 127-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Сәлеметсіздерме. Ұлыма апайы ұрсыпты сабақ үстінде, бала ашуланып өз өзін боқтапты, апайы мені боқтады деп үстінен арыз жазды. Айыппұл салынып отыр маған, бұл заңда автоматты түрде айыппұл салынады дейді, 1ші рет болған жағдай бұл, неге ескерту беріп, балаға заңды неге түсіндірмейді, 6сынып оқитын бала не біледі заң туралы, мектепте құқық сабағын ертеден бастауы керек деп ойлаймын, оқушы сонда біліп жүреді,мен тәрбие беріп жатырмын, анау болмайды, мынау болмайды деп, бірақ мектепте де тәрбие сабағын өту керек!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей