Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 191 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.06.2021

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу

Ескерту. 191-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Тиісті лицензиялары бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзуы – 

лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу 

Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату – 

қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Статья 1 ...190 190‑1 191 192 193 ...920

Перейти к статье

Лучшие юристы

Арман
Райли Дэвид Киан
kzld
Спас Капитал
Мадияр

Все юристы

Новые комментарии на сайте





Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться