Ст. 193 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану –
тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау –
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 17.11.2025 № 232-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей