Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 211-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса: 

1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы; 

2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы; 

3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

1-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік жұмыскерінің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы: 

1) борышкерді және (немесе) оның өкілін және (немесе) үшінші тұлғаны банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруы; 

2) борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға анық емес тегін және (немесе) атын және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 

жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі – 

ескерту жасауға алып келеді. 

3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі не анық емес ақпаратты не көрінеу анық емес мәліметтерді беруі – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

4. Коллекторлық агенттіктердің анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы – 

ескерту жасауға алып келеді. 

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескертпе. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін есептіліктің анық емес, сол сияқты толық емес сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады. 

Ескерту. 15-тарау 211-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...210‑1 211 211‑1 211‑2 212 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться