Ст. 218 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есепті ұсыну мерзімін бұзуы – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Просьба помочь, прилетаем с командировки и обнаружили, что у нас на парковке посторонний человек устроил склад мебели. Мы вскрыли склад, мебель вывезли, после чего нашлась хозяйка и написала на нас заявление в полицию, что делать в данной ситуации? Посторонний человек ворвался на частную территорию без нашего ведома.
Кто полномочен расследовать мошеннические действия сообщества в составе полиции, судьи и прокуратуры направленные на изъятие без юридических оснований автомобиля и последующего его исчезновения. Полиция заявления оставляет без рассмотрения.
Сәлеметсіз бе! Бюджеттік мекеме ликвидация кетіп жатыр. Мекеме қызметкерлері компенсация қандай мөлшерде беріледі. Және сынақ мерзіміндегі қызметкерге компенсациялық төлем төлене ме?
Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей