Ст. 179 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі. Мынадай:
1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде;
3) мынадай:
салықтық тексеру актісі, тұжырымдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын көрсететін жеткілікті деректер қамтылған мемлекеттік кіріс органдары маманының қорытындысы (анықтамасы) қоса берілмей;
мемлекеттік кіріс органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағым жасау кезінде уәкілетті органның шешімі шығарылғанға дейін, ал сотқа шағым жасау жағдайларында сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
іс-әрекетті қылмыстық топтың құрамында жасау белгілері болған, сондай-ақ есепке жазу іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген, тауарлар тиеп-жөнелтілмеген мәмілелер бойынша жүргізілген не тапсырылуы міндетті болатын декларация ұсынылмаған не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру арқылы декларацияға кірістері және (немесе) шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізілген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың есепке жазылған сомалары толық өтелген кезде салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.
3. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.
4. Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
5. Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.
6. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.
Ескерту. 179-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
"Угроза – это неправомерное словесное и несловесное поведение, действие, обещание причинить человеку зло, неприятность."
Статья 32 § 2 УК. Не является уголовным правонарушением причинение вреда посягающему лицу в состоянии необходимой обороны, то есть при защите личности, жилища, собственности, земельного участка и других прав обороняющегося или иных лиц, охраняемых законом интересов общества или государства от общественно опасного посягательства путем причинения посягающему вреда, если при этом не было допущено превышения пределов необходимой обороны.
Статья 34 § 1 УК. Не является уголовным правонарушением причинение вреда охраняемым настоящим Кодексом интересам в состоянии крайней необходимости, то есть для устранения опасности, непосредственно угрожающей жизни, здоровью, правам и законным интересам данного лица или иных лиц, интересам общества или государства, если эта опасность не могла быть устранена иными средствами и при этом не допущено превышения пределов крайней необходимости.
Незаконное вторжение на вашу частную собственность в сопровождении с постоянными вербальными угрозами (2 месяца), намеренное препятствие работ и более, факт того, что правоохранительные ораны отказали вам в помощи - все это объективно привело вас в состояние законной защиты себя и своего имущества.
Обязательно найдите хорошего юриста и ходатайствуйте! Удачи вам!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей