Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 278 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету

1. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 

жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған сомасының – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Салық төлеушiнiң есеп-қисапта ағымдағы төлемдер сомаларын кемітіп көрсетуi, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Салықтық кезең үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салықтық кезең iшiнде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асып кетуі – 

ic жүзiндегi салықтың асып кету сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескертпелер. 

1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады. 

Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома – осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасы есепке алына отырып айқындалады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын кемітіп көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа жататын болса, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын кемітіп көрсеткені үшін жеке әкімшілік жауаптылыққа жатпайды. 

3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисаптарын ұсынбаған жағдайда да тұлға әкімшілік жауаптылыққа жатады. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі. 

4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде: 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 742-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету; 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды. 

Ескерту. 278-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...276 277 278 279 280 ...920

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім


Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?


Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама


Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день


Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться