Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 298 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.05.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
298-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегiқағидаларды бұзу

1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының қадағалауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келмесе, –

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қауіпті өндірістік объектідегі авария, оқыс оқиға фактісін жасыру –

лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
299-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...297 297‑1 298 299 300 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться