Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 381-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.11.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
381-1-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау

1. Үй маңындағы, саяжай мен бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау – 

заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – 

заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 21-тарау 381-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...380‑1 381 381‑1 382 383 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Туған ағама бүйрек беріп донор болдым, инволидность боладыма, больничный қалай төленеді?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться