Ст. 382 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу
1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу – ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекет –
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей