Ст. 401 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
401-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу
1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу - жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдемеу;
2) астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдемеу;
3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдемеу;
4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізбеу;
5) астықтың есептелген физикалық салмағын айқындаудың тәртібін сақтамау;
6) астық қолхатын шығару және өтеу мерзімін сақтамау;
7) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылық –
8) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсіпорнының, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы –
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Астық қабылдау кәсіпорнының үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер шығаруы және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сан мен сапа көрсеткіштері құжаттамамен расталған жағдайда оларды ұдайы (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Оларсыз астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзуы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың сандық және сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық иесінің астық сынамасын белгіленген тәртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 401-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей