Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 402 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
402-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру және қызметтер көрсету кезiндегi бұзушылықтар

1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұза отырып, тұқымдарды өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау және пайдалану жөнiндегi қызметтi: 

1) карантиндік объектілермен залалданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану; 

2) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

3) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

4) аттестатталған элиталық тұқым өсiру және тұқым өсiру шаруашылықтарында сорттық және егу сапалары бойынша сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану; 

5) тұқымдардың егу сапасы бойынша сараптамадан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану; 

6) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізу және пайдалану; 

7) сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу; 

8) элиталық тұқымдарды одан әрі өткізу мақсатында олардың өндірісін қамтамасыз ету үшін сорттардың бірегей тұқымдарын және будандардың аталық нысандарын сатып алмау; 

9) өз мұқтаждарына өткізілген және пайдаланылған тұқымдарды сандық, шығу тегі бойынша есепке алуды, олардың сорттық және егу сапасын есепке алуды жүргізбеу; 

10) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және өтпелі қорларын жасау түрінде жүзеге асыру – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынамалауды жүргізу жөнінде қызметтер көрсететін сынамалаушылардың, тұқым сарапшыларының және аттестатталған заңды тұлғалардың тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын сараптауды бұзуы – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ сынамалаушылар мен тұқым сарапшыларының тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бұзуы – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, аттестатталған тұлғаларға субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады. 

5. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды, қайта аттестаттауды уақтылы жүргізбеу –  

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 402-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...400 401 402 403 404 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться